Uncategorized 📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨ 22 октября, 2026 admin
Uncategorized Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. 19 октября, 2026 admin
Uncategorized «Балаларға базарлық» республикалық шығармашылық байқауға аспапта ойнау номинациясынан 3″Ә» сынып оқушысы Жұмабек Нұрислам 2 орынға ие болып марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз көп болсын! 19 октября, 2026 admin
Uncategorized Тіл мерекесіне арналған іс-шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Салтанатты жиында ана тіліміздің қадір-қасиеті, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі маңызы кеңінен айтылып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған игі бастамалар таныстырылды. 4 сентября, 2026 admin
Uncategorized Таза Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, жарқын болашақ – біздің ортақ мақсатымыз! Ендеше, жаңа оқу жылын ізгі ниетпен бастап, «Тазалық – мәдениеттің белгісі, табиғатты қорғау – азаматтық парыз» екенін жүрегімізге ұялатайық! ✨ Бүгінгі тәрбие сағатымыз баршамызға жақсы ой, жарқын көңіл күй және пайдалы өнеге сыйласын! 2 сентября, 2026 admin
Uncategorized 🌿 «Таза Қазақстан – таза болашақ» тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 3 «А» сынып. Жетекшісі: Әжібай Жанар Бейсенбекқызы 2 сентября, 2026 admin
Uncategorized 🌸 Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол! Бүгін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басқан кішкентай бүлдіршіндерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 📚🔔 2 сентября, 2026 admin
Uncategorized 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! 📚 Құрметті әріптестер, аяулы ұстаздар! Жаңа оқу жылы барша ұжымымызға береке, бірлік, шығармашылық шабыт және толағай табыс әкелсін! Әр күніміз ізгілік пен қуанышқа, әр еңбегіміз жақсы нәтижеге ұлассын. Ұстаздық жолымызда абыройымыз асқақтап, шәкірттеріміздің жетістігіне бірге қуанып, биік белестерді бірге бағындырайық. Ұжымымыздың ынтымағы артып, әр бастамамыз сәтті, әр қадамымыз нық болсын! Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктердің, жарқын жетістіктердің және жақсы жаңалықтардың бастауы болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, жүректеріңізге жылулық тілеймін! 2 сентября, 2026 admin
Uncategorized 1 қыркүйек – Білім күні! 📚✨ Жаңа оқу жылының ашылу салтанатында мектебіміздің өнерлі оқушысы әсем ән орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. 🎶 Өнері өрге жүзген, талантымен талайды тәнті еткен оқушымызға шығармашылық шабыт, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌟 Әсем ән — мерекенің сәні, өнерлі оқушы — мектебіміздің мақтанышы! 2 сентября, 2026 admin Свод 1-11 ЖМ.xlsx АЙСАНАСкачать
Uncategorized Балаларымыздың шахматтағы қадамдары нық, жетістіктері биік болсын! Жетекші: Денешынықтыру пәні мұғалімі Г.Бейсен 23 августа, 2026 admin
Uncategorized Жетістікке бастар жол! Жекеменшік мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, балаларымыз өз білімдері мен шеберліктерін шыңдап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. ♟️ Әр партия — тәжірибе, әр жеңіс — еңбектің жемісі. Бүгінгі кішкентай жеңістер — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы! 🏆 Балаларымыздың шахматтағы қадамдары нық, жетістіктері биік болсын! 23 августа, 2026 admin