Навигация по записям Тіл мерекесіне арналған іс-шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Салтанатты жиында ана тіліміздің қадір-қасиеті, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі маңызы кеңінен айтылып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған игі бастамалар таныстырылды. Домбыра – ұлттың үні. Домбыра үйірмесіне қатысып жүрген өнерлі оқушыларымыз ұлттық өнерімізді дәріптеп, қазақ халқының қасиетті қара домбырасында күмбірлете күй шертуде. Жас домбырашыларымыздың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы – ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанының жарқын көрінісі.