Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бастауыш сыныптар арасында спорттық эстафеталық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
4-сынып оқушылары жарыс барысында ұйымшылдық пен шапшаңдықты, өзара қолдау мен достықты көрсете білді. Мақсат — оқушылардың бойында отансүйгіштік, салауатты өмір салтына деген қызығушылықты қалыптастыру болды.
Жарыс соңында ерекше белсенділік танытқан сыныптар мен оқушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара – Тәуелсіздіктің қадірін ұғындырып, ел болашағы — жас буынды тәрбиелеудегі маңызды бастамалардың бірі болды.