Навигация по записям Жетістікке бастар жол! Жекеменшік мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, балаларымыз өз білімдері мен шеберліктерін шыңдап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. ♟️ Әр партия — тәжірибе, әр жеңіс — еңбектің жемісі. Бүгінгі кішкентай жеңістер — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы! 🏆 Балаларымыздың шахматтағы қадамдары нық, жетістіктері биік болсын! 1 қыркүйек – Білім күні! 📚✨ Жаңа оқу жылының ашылу салтанатында мектебіміздің өнерлі оқушысы әсем ән орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. 🎶 Өнері өрге жүзген, талантымен талайды тәнті еткен оқушымызға шығармашылық шабыт, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌟 Әсем ән — мерекенің сәні, өнерлі оқушы — мектебіміздің мақтанышы!