Месяц: Сентябрь 2026

Домбыра – ұлттың үні. Домбыра үйірмесіне қатысып жүрген өнерлі оқушыларымыз ұлттық өнерімізді дәріптеп, қазақ халқының қасиетті қара домбырасында күмбірлете күй шертуде. Жас домбырашыларымыздың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы – ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанының жарқын көрінісі.

Тіл мерекесіне арналған іс-шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Салтанатты жиында ана тіліміздің қадір-қасиеті, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі маңызы кеңінен айтылып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған игі бастамалар таныстырылды.

Таза Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, жарқын болашақ – біздің ортақ мақсатымыз! Ендеше, жаңа оқу жылын ізгі ниетпен бастап, «Тазалық – мәдениеттің белгісі, табиғатты қорғау – азаматтық парыз» екенін жүрегімізге ұялатайық! ✨ Бүгінгі тәрбие сағатымыз баршамызға жақсы ой, жарқын көңіл күй және пайдалы өнеге сыйласын!