Соңғы жаңалықтар

📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨ Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. «Балаларға базарлық» республикалық шығармашылық байқауға аспапта ойнау номинациясынан 3″Ә» сынып оқушысы Жұмабек Нұрислам 2 орынға ие болып марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз көп болсын!

1 наурыз — Алғыс айту күні.

Сынып сағаты Тақырыбы: Алғыс айту күні 2-ә сынып Сынып жетекшісі: Амиртаева А.Ж. Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту. Ризашылық пен…

Сынып сағаты 2-ә сынып Амиртаева Айгерим Жангелдиевна Тақырыбы: Ұлттық валюта күні Мақсаты:Оқушыларды ұлттық валюта – теңгенің шығу тарихымен таныстыру, мемлекеттік рәміз ретіндегі маңызын түсіндіру.

2"А" сынып. Сынып жетекшісі: Әжібай Ж.Б. Салтанатты іс-шарада оқуға және мектеп өміріне қосқан үлесі үшін әр оқушы марапатталды