Навигация по записям Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу – ортақ міндет! Мектебімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына арналған буллинг және кибербуллинг тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің не екені, олардың түрлері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынасты сақтау, өзгелерді ренжітпеу және интернет желісін қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушыларға қандай да бір қысым көрсету, мазақ ету немесе қорқыту жағдайларына тап болғанда, бұл туралы ата-анасына, мұғаліміне немесе сенімді ересек адамға хабарлау қажеттігі айтылды. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін, мейірімді әрі қолайлы орта қалыптастыру. Буллингке жол жоқ! Бір-бірімізді құрметтейік, қолдайық және қауіпсіз балалық шақты бірге қалыптастырайық! Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр.