Uncategorized 📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨ 22 октября, 2026 admin
Uncategorized Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. 19 октября, 2026 admin
Uncategorized «Балаларға базарлық» республикалық шығармашылық байқауға аспапта ойнау номинациясынан 3″Ә» сынып оқушысы Жұмабек Нұрислам 2 орынға ие болып марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз көп болсын! 19 октября, 2026 admin

Uncategorized Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу – ортақ міндет! Мектебімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына арналған буллинг және кибербуллинг тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің не екені, олардың түрлері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынасты сақтау, өзгелерді ренжітпеу және интернет желісін қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушыларға қандай да бір қысым көрсету, мазақ ету немесе қорқыту жағдайларына тап болғанда, бұл туралы ата-анасына, мұғаліміне немесе сенімді ересек адамға хабарлау қажеттігі айтылды. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін, мейірімді әрі қолайлы орта қалыптастыру. Буллингке жол жоқ! Бір-бірімізді құрметтейік, қолдайық және қауіпсіз балалық шақты бірге қалыптастырайық! 16 октября, 2026 admin
Uncategorized 🍂 Мектебімізде күзгі жәрмеңке өтті! 🍁 Мектебімізде алтын күздің шуағын сезіндірген күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 🌾✨ Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен дайындаған түрлі тәттілерін, дәмді тағамдарын және күзгі өнімдерін ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады. 🥧🍎 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Күзгі жәрмеңке көтеріңкі көңіл күйге, шаттыққа және молшылықтың берекесіне толы болды! 🍂 9 октября, 2026 admin
Uncategorized 💐 Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек, ұстаз жүрегі — мейірімнің мекені! Ұстаздар күні құтты болсын! Әрдайым шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер! ❤️ 8 октября, 2026 admin
Uncategorized ✨ «Көбейту кестесінен кім жүйрік?» 🏆 8 октября, 2026 admin Білімді сынап, шапшаңдықты шыңдайтын қызықты сайысқа қош келдіңіздер! 🤩