2022 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы Төле би көшесі №31 «А» мекенжайында орналасқан 250 орындық AI SANA мектебі өз жұмысын бастады.
Заманауи талапқа сай салынған білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім алып, жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік сыйлады. Мектепте оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға арналған қолайлы оқу кабинеттері, заманауи жабдықтар және жайлы білім беру ортасы қарастырылған.
AI SANA мектебі — жас ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған маңызды жобалардың бірі. Білім ордасының ашылуы ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болып, өңірдегі білім саласының дамуына тың серпін берді.

Hi, this is a comment.
To get started with moderating, editing, and deleting comments, please visit the Comments screen in the dashboard.
Commenter avatars come from Gravatar.