Навигация по записям Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. 📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨