Соңғы жаңалықтар

📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨ Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. «Балаларға базарлық» республикалық шығармашылық байқауға аспапта ойнау номинациясынан 3″Ә» сынып оқушысы Жұмабек Нұрислам 2 орынға ие болып марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз көп болсын!

1-А сынып "Күзгі бақ", "Абай оқулары", "Мен кішкентай шебер"тақырыптарындағы іс-шаралар. Сынып жетекшісі: Омарова Г.Т.

Қазақ тіліне ашық сабақ. Сынып: 4"Ә" Сынып жетекшісі: Байтенова С. Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында Мақсаты: Оқушылармен буын түрлерін қайталау, оқушылардың сөздік қорын молайту, диалог жүргізуге, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру

Бейбітшілік күніне орай мерекелік іс-шарада 4"Ә" сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады. Сынып жетекшісі: Байтенова С.

Сынып сағаты

1-А сынып. Сынып жетекшісі: Омарова Г.Т Сынып сағаты: "Тәуелсіздік -тұғырым" Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, еліміздің тәуелсіздік алу тарихын тереңдету және өз елінің рәміздерін құрметтейтін саналы ұрпақ…