Соңғы жаңалықтар

📚 «Мақал – сөздің мәйегі» 🌟 Бүгін 2-сынып оқушылары арасында халқымыздың асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді дәріптеу мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мағынасын түсіндіру және жұмбақ тапсырмаларды орындау арқылы өзара бақ сынасты. 🧠✨ Бүгін біздің мектепте жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Алтын күз» көрмесі өтті. Мектеп дәлізі бір сәтте ертегі әлеміне айналғандай болды! 😍 Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден, табиғи материалдардан жасалған қайталанбас туындылар көрменің көркін қыздырды. Әрбір жұмыстан ерекше жылулық пен еңбек көрініп тұр. «Балаларға базарлық» республикалық шығармашылық байқауға аспапта ойнау номинациясынан 3″Ә» сынып оқушысы Жұмабек Нұрислам 2 орынға ие болып марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз көп болсын!

Ашық сабақ

Ашық сабақ. Сынып жетекшісі: Жақан Б.А. Сынып: 1"Ә" Пән: Математика Тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту Сабақтың мақсаты: Толық ондықтар мен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру

Буллингке жол жоқ!

Сынып сағат. Тақырыбы: Буллингке жол жоқ! Сынып жетекшісі: Наресбаева Н. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, яғни буллинг жағдайлардың алдын-ала отырып эмпатия қабілетінің дамуына байланысты жанжалды жағдайларда мінез-құлық дағдыларын және қарым-қатынастарын дамыту

Ашық сабақ

3"Ә" сынып. Сынып жетекшісі: Наресбаева Н. Жаратылыстану пәні. Оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту, табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінуге баулу, логикалық ойлауын және зерттеушілік қабілеттерін дамыту

Бастауышпен қоштасу

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр - ау бүгін маған. 4 жыл бойы білім берген ұстаздардың білім алушыларды қанаттарын жайдырып ұшыру…