Навигация по записям 💐 Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек, ұстаз жүрегі — мейірімнің мекені! Ұстаздар күні құтты болсын! Әрдайым шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер! ❤️ Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу – ортақ міндет! Мектебімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына арналған буллинг және кибербуллинг тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің не екені, олардың түрлері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынасты сақтау, өзгелерді ренжітпеу және интернет желісін қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушыларға қандай да бір қысым көрсету, мазақ ету немесе қорқыту жағдайларына тап болғанда, бұл туралы ата-анасына, мұғаліміне немесе сенімді ересек адамға хабарлау қажеттігі айтылды. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін, мейірімді әрі қолайлы орта қалыптастыру. Буллингке жол жоқ! Бір-бірімізді құрметтейік, қолдайық және қауіпсіз балалық шақты бірге қалыптастырайық!