Навигация по записям Предыдущая запись 🍂 Мектебімізде күзгі жәрмеңке өтті! 🍁 Мектебімізде алтын күздің шуағын сезіндірген күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 🌾✨ Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен дайындаған түрлі тәттілерін, дәмді тағамдарын және күзгі өнімдерін ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады. 🥧🍎 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Күзгі жәрмеңке көтеріңкі көңіл күйге, шаттыққа және молшылықтың берекесіне толы болды! 🍂