ВШК Айсана.docx 2026-2027 оқу жылыСкачать Навигация по записям Тіл мерекесі – достық пен бірліктің бастауы Тіл мерекесіне орай оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, көптілділікті насихаттау мақсатында қызықты ойындар мен танымдық сайыстар ұйымдастырылды. Пәні: Әліппе Сыныбы: 1-сынып . Сынып жетекшісі: Байтенова Сымбат Аманбековна Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Буын. Сөз Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға дыбыс, буын, сөз ұғымдарын өзара байланыстыра отырып түсіндіру, дыбысты естіп ажырату, сөзді буынға бөлу және буындардан сөз құрау дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқу материалдары қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі түрде ұсынылды. Алдымен оқушыларға дыбыстың сөздегі орны мен айтылуы түсіндіріліп, сөздің дыбыстардан құралатыны мысалдар арқылы көрсетілді. Оқушылар сөздерді тыңдап, дыбыстарды ажыратып, сөз құрамындағы дыбыстар санын анықтауға жаттықты. Келесі кезеңде буын ұғымы меңгертіліп, оқушылар сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыланды. Буын санын анықтау барысында сөзді дұрыс әрі анық айтуға, әр буынды ажыратып тыңдауға назар аударылды. «А-на», «а-ға», «ба-ла», «қа-лам» сияқты қарапайым сөздер арқылы оқушылардың буынға бөлу дағдылары бекітілді.