Сынып жетекшісі: Наресбаева Н.К. 4-сыныпта математика пәнінен «Разрядтар мен кластар» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың көптаңбалы сандар туралы білімдерін кеңейту, сандардың разрядтық және кластарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және дұрыс оқып, жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар және жоғары разрядтармен жұмыс жасап, сандардың құрамын анықтады. Разрядтар мен кластардың өзара байланысын түсіну үшін кестелер, көрнекіліктер және практикалық тапсырмалар қолданылды. Оқушылар берілген сандарды кластарға және разрядтарға ажыратып, санның құрамындағы әр цифрдың мәнін анықтады, сандарды оқып және жазып, разрядтық қосылғыштарға жіктеді. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық ойлауы және өздігінен жұмыс жасау дағдылары дамытылды. Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі тапсырмалар арқылы тексеріліп, кері байланыс берілді. Сабақ оқушылардың көптаңбалы сандарды дұрыс түсінуіне және разрядтар мен кластарды ажырата білуіне бағытталды. Сабақ нәтижесінде оқушылар разрядтар мен кластарды ажыратып, көптаңбалы сандардың құрылымын талдай алды және сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу дағдыларын бекітті.

Отadmin

Сен 12, 2026

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *