Рубрика: Uncategorized

Сынып жетекшісі: Наресбаева Н.К. 4-сыныпта математика пәнінен «Разрядтар мен кластар» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың көптаңбалы сандар туралы білімдерін кеңейту, сандардың разрядтық және кластарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және дұрыс оқып, жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар және жоғары разрядтармен жұмыс жасап, сандардың құрамын анықтады. Разрядтар мен кластардың өзара байланысын түсіну үшін кестелер, көрнекіліктер және практикалық тапсырмалар қолданылды. Оқушылар берілген сандарды кластарға және разрядтарға ажыратып, санның құрамындағы әр цифрдың мәнін анықтады, сандарды оқып және жазып, разрядтық қосылғыштарға жіктеді. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық ойлауы және өздігінен жұмыс жасау дағдылары дамытылды. Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі тапсырмалар арқылы тексеріліп, кері байланыс берілді. Сабақ оқушылардың көптаңбалы сандарды дұрыс түсінуіне және разрядтар мен кластарды ажырата білуіне бағытталды. Сабақ нәтижесінде оқушылар разрядтар мен кластарды ажыратып, көптаңбалы сандардың құрылымын талдай алды және сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу дағдыларын бекітті.

Пәні: Әліппе Сыныбы: 1-сынып . Сынып жетекшісі: Байтенова Сымбат Аманбековна Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Буын. Сөз Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға дыбыс, буын, сөз ұғымдарын өзара байланыстыра отырып түсіндіру, дыбысты естіп ажырату, сөзді буынға бөлу және буындардан сөз құрау дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқу материалдары қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі түрде ұсынылды. Алдымен оқушыларға дыбыстың сөздегі орны мен айтылуы түсіндіріліп, сөздің дыбыстардан құралатыны мысалдар арқылы көрсетілді. Оқушылар сөздерді тыңдап, дыбыстарды ажыратып, сөз құрамындағы дыбыстар санын анықтауға жаттықты. Келесі кезеңде буын ұғымы меңгертіліп, оқушылар сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыланды. Буын санын анықтау барысында сөзді дұрыс әрі анық айтуға, әр буынды ажыратып тыңдауға назар аударылды. «А-на», «а-ға», «ба-ла», «қа-лам» сияқты қарапайым сөздер арқылы оқушылардың буынға бөлу дағдылары бекітілді.

Домбыра – ұлттың үні. Домбыра үйірмесіне қатысып жүрген өнерлі оқушыларымыз ұлттық өнерімізді дәріптеп, қазақ халқының қасиетті қара домбырасында күмбірлете күй шертуде. Жас домбырашыларымыздың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы – ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанының жарқын көрінісі.