1 “Ә” сынып оқушылары
Сынып жетекшісі: Жақан Балнұр Аханқызы
Білім жолдарың ашық болсын, қадамдарың сәтті болсын


Бүгін сендер үшін ерекше күн – мектеп табалдырығын аттап, білімге алғашқы қадам жасайсыңдар. Бұл күн сендердің жүректеріңде мәңгі сақталатын қуанышты сәттердің бірі.
Алдымызда сендерді үлкен жетістіктер, жаңа достар мен қызықты әлем күтіп тұр. Әрбір әріпті танып, әрбір санды меңгерген сайын сендер жаңа биікке көтеріле бересіңдер.
Мен сендерге ақ жол тілеймін!
Оқуға ынталы болып, әрдайым еңбектеніп, ата-ана мен ұстаздың сенімін ақтайтын зерек, білімді, тәрбиелі оқушы болыңдар.